русский язык
ММА

Макгрегор «Канелоны» мазақ етті

Макгрегор «Канелоны» мазақ етті

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор мексикалық боксшы Сауль Альварес сұраған төлемдерге лайық емес деп мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.

Жақында Канело Дэвид Бенавидеске берген сұхбатында жекпе-жектен неге 200 миллион доллар тапқысы келетінін түсіндірді. Алайда, Макгрегор мексикалықтың мұндай ақшаға тұрармайтынына сенімді.

«Канело қызық. Ол шамамен 300 мың ақылы трансляция жинайды. Ол тіпті алғысы келетін қаражатты да әкелмейді ғой. UFC Noche турнирі оларды шақырмайды да. Әл-аш-Шейх дұрыс жасады. Канело жекпе-жекті сатпайды», - деп жазды Макгрегор Х әлеуметтік желісінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;