русский язык
Единоборства

Париж Олимпиадасы: Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалға шыға алмады

Париж Олимпиадасы: Нұрсұлтан Тұрсынов жартылай финалға шыға алмады

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасында екінші белдесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта Тұрсыновтың ширек финалдағы қарсыласы украиналық Жан Беленюк болды. Қазақстандық балуан бұл кездесуде жеңіліп қалды.

Егер қарсыласы финалға шыққан жағдайда, Тұрсынов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алады.

Еске салайық, қазақстандық балуан 1/8 финалда египеттік Мохамед Метваллиді 10:1 есебімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;