Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасын сәтті бастады
![Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасын сәтті бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/472_378bd52d0dc7410c40436f6c8a22f115.jpg?v=1723024287923?v=28728977)
Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов Париж Олимпиадасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта Тұрсынов 1/8 финалда египеттік Мохамед Метваллимен кездесіп, 10:1 есебімен қарсыласын сенімді жеңді.
Осылайша, Тұрсынов ширек финалға өтті.
Айта кетейік, бүгін қазақстандық Демеу Жадыраев грек-рим күресінен финалда белдеседі.