русский язык
Басқа

Париж Олимпиадасы: Бекарыс Раматулла жартылай финалға шыға алмады

Париж Олимпиадасы: Бекарыс Раматулла жартылай финалға шыға алмады

Ерлер арасында байдаркада ескек есуден қазақстандық Бекарыс Раматулла іріктеу кезеңінде сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

1000 метрге байдаркада ескек есуден ерлер арасында жекелей сында қазақстандық Бекарыс Раматулла өнер көрсетті. Өз тобында сынға түскен алты спортшының ішінен соңғы болып мәре сызығын кесті. Қазақстандық спортшының көрсеткіші – 3:44:47.

Ереже бойынша әр топта үздік атанған 2 спортшы жартылай финалға тікелей жолдама алады. Ал кейінгі орынға жайғасқан спортшылар ширек финалда бақ сынап, жартылай финалға өтуге тырысады. Сондай-ақ бүгін, 7 тамызда 1000 метрге каноэде ескек есуден ерлер арасында жекелей сында Сергей Емельянов бақ сынайды.

Кеше, 6 тамызда Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий дуэті байдаркамен 500 метрге жарысудан өнер көрсетіп, қазақстандық спортшылар мәре сызығын соңғы болып кескен болатын.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ел қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль бар. Сондай-ақ бүгін екі спортшымыз финалдық кезеңде өнер көрсетіп, алтын жүлде үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;