Бублик Олимпиададан кейін Канададағы жарысты жеңіспен бастады
![Бублик Олимпиададан кейін Канададағы жарысты жеңіспен бастады](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/203991_634dae09c1f04a457ca5868c92ecbd2c.jpg?v=28728862)
Монреальда (Канада) Masters сериясы (ATP-1000) турнирі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сайыста бірінші айналымдағы кездесуін өткізді.
Ашылу матчында Бублик пен америкалық ойыншы Бен Шелтон Харри Хелевоаара (Финляндия)/Генри Паттен (Ұлыбритания) дуэтін 7:6, 2:1 есебімен ұтты. Екінші cетте фин-британ тандемі жарақатқа байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Матчтың ұзақтығы 1 сағат 6 минутты құрады.