русский язык
Единоборства

Демеу Жадыраев: Ешбір кездесуім оңай болған жоқ

Демеу Жадыраев: Ешбір кездесуім оңай болған жоқ

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр.

Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім.

Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты.

Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», - деді Жадыраев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;