русский язык
Басқа

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов жарыстан шеттетілді

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов жарыстан шеттетілді

Қазақстандық жеңіл атлет Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жартылай финалдық кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысының жұбаныш кезеңінде фальстарт (уақытынан бұрын бастап кету) жасап, жарыстан шеттетілді. Жартылай финалға топта үздік нәтиже көрсеткен 2 спортшы жолдама алады.

Қазақстандық спортшы Давид Ефремов алғашқы іріктеу айналымында 13,88 секундта мәре сызығын кесіп, өз тобында жетінші орын алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;