русский язык
Басқа

Париж Олимпиадасы: қазақстандық ескекшілер мәреге бесінші болып келді

Париж Олимпиадасы: қазақстандық ескекшілер мәреге бесінші болып келді

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының 11-жарыс күнінде байдарка мен каноэде жүзу жарысында Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшылар екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысуда мәреге бесінші болып келді.

Еске салайық, бүгін боксшы Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының финалына шығуға тырысады. Әлем чемпионы Нора Джерута финалда бақ сынайды. Грек-рим күресінен Демеу Жадыраев жарыс жолына шығады.

Айта кетейік, Қазір Қазақстан бір алтын, бір күміс және екі қола медальмен 29-орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;