русский язык

Франция құрамасы Олимпиаданың финалына шықты

Франция құрамасы Олимпиаданың финалына шықты

Франция футбол құрамасы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалында Египет құрамасын 3:1 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды. Қосымша уақытта 3:1 есебімен франциялықтар жеңіске жетті.

Гол соққандар: Сабер. М 62, Матета. Ж 83, Матета. Ж 99, Олисе. М 108.

Франция 2024 жылғы Олимпиаданың финалында Испаниямен ойнайды, кездесу 9 тамызда өтеді. 8 тамыз күні қола үшін таласта Египет пен Марокко кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;