русский язык
Басқа

Олимпиада: нысана көздеуден қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады

Олимпиада: нысана көздеуден қазақстандық спортшылар финалға шыға алмады

Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындары аясында нысана көздеуден аралас квалификациялық жарыстар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Скит бойынша Қазақстан атынан команда жетекшісі Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко қатысты. Қазақстандық жұп 140 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтады. Бұл ең мықты төрт команда алға шыққан финалға шығу үшін жеткіліксіз болды.

Айта кетейік, бұған дейін жекелей сында нысана көздеуден жарыста Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко финалдық кезеңге өте алмаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;