русский язык
Басқа

Париж-2024: Бельгия спортшының улануына байланысты триатлон жарысына қатысудан бас тартты

Париж-2024: Бельгия спортшының улануына байланысты триатлон жарысына қатысудан бас тартты

Бірнеше күн бұрын бельгиялық триатлоншы Клэр Мишель Сена өзенінде жүзгеннен кейін "ішек таяқшасы" диагнозымен ауруханаға түсті. Осыған байланысты Бельгия құрамасы 5 тамызда Олимпиада ойындарындағы аралас эстафетаға қатысқан жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

De Standaard мәліметтері бойынша, 31 шілдеде Мишель Сена өзенінде триатлонның бірінші кезеңін жүзіп өтті. Сенада бактериялардың жоғары концентрациясына байланысты ойын басталар алдында шомылуға тыйым салынған болатын. Біраз уақыттан кейін спортшы ішек таяқшасы диагнозымен ауруханаға түсті.

Триатлоншы бесінші күні қатарынан Париж ауруханаларының бірінде ем алуда. Осы жағдайға байланысты бельгия құрамасы 5 тамызда өтетін аралас эстафетаға қатыспауға шешім қабылдады.

Судың сапасына қатысты шағымдар спортшылар тарапынан көптеп келуде. Олардың қатарынада триатлоннан қазақстандық әйелдер құрамасының көшбасшысы Екатерина Шалыгина да бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;