русский язык
Басқа

Дзюдо федерациясы Олимпиада жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді

Алматы қалалық дзюдо федерациясы Париждегі Олимпиадада қола жүлде алған дзюдошы Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Бүгін Париж Олимпиадасына қатысқан қазақстандық дзюдошылардың алғашқы легі елге оралды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлде иегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.

Дзюдошыларды Алматы әуежайынан олардың ата-анасы, достары, БАҚ өкілдері және жанкүйерлер күтіп алды. Алматы қалалық дзюдо федерациясының өкілдері 66 кг салмақ дәрежесінде Олимпиаданың қола жүлдесіне ие болған Ғұсман Қырғызбаевқа көлік мінгізді.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;