русский язык
Бокс

Сәкен Бибосыновты жеңген өзбек боксшысы финалға шықты

Сәкен Бибосыновты жеңген өзбек боксшысы финалға шықты

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Думатов Париж Олимпиадасының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дусматов 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Олимпиада чемпионы 4 тамыз күні жартылай финалдық кездесуде төрешілер шешімімен кабо-верделік Давид Варела де Пинаны 5:0 есебімен жеңді.

Финалда 30 жастағы Хасанбой әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Еуропа ойындарының чемпионы, Еуропа чемпионы франциялық 26 жастағы Билал Беннамамен кездеседі.

Айта кетейік, Дусматов ширек финалда қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновты жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;