русский язык
Велоспорт

«Астана» шабандозы Румыниядағы жарыста екінші орын алды

«Астана» шабандозы Румыниядағы жарыста екінші орын алды

Astana Qazaqstan Development Team командасының шабандозы Алессандро Ромеле Max Ausnit Cup турнирін екінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Румынияның Лугож қаласында 155 шақырымды құрайтын бір күндік жарыс өтті.

«Мен көптен бері жарысқа қатыспадым, Италия ұлттық чемпионатынан кейін таулы аймақта жақсы оқу-жаттығу жиынын өткіздім, бірақ кейін ауырып қалып, бірнеше күн жаттығу процесінен шығып қалып, жоспарланған жарысты өткізіп алдым. Бүгін оқу-жаттығу жиынында атқарылған жұмыс жақсы нәтиже бере алатынын сезіндім және команданың маған сенгенін білемін, бірақ, өкінішке орай, шешуші болған шабуылды жіберіп алдық. Қызметкерлерге және командаластарға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтқым келеді», - деді жарыс аяқталғаннан кейін Алессандро Ромеле.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;