русский язык
Бокс

Нұрбек Оралбайдың финалда кездесетін қарсыласы белгілі болды

Нұрбек Оралбайдың финалда кездесетін қарсыласы белгілі болды

Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында украиналық боксшы Александр Хижняк финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

80 келіге дейінгі салмақта жартылай финалдық кездесуде Хижняк екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2020 ж.) кубалық боксшы Арлен Лопесті төрешілердің екі жақты шешімімен жеңді.

Осылайша, Хижняк финалда қазақстандық Нұрбек Оралбаймен кезеседі.

Жекпе-жек сәрсенбі, 7 тамызда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;