русский язык
Бокс

Нұрбек Оралбай: Қарсыласым өте мықты, мұнымен тоқтамаймыз

Нұрбек Оралбай: Қарсыласым өте мықты, мұнымен тоқтамаймыз

Бокстан Париж Олимпиадасының финалына жолдама алған Нұрбек Оралбай жартылай финал жекпе-жегін қысқаша қорытындылады, деп жазады Olympic.kz.

"Қарсыласым өте мықты. Бірінші айналымда Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңген.

Ағайларым бұл жекпе-жекке жақсы тактика қойып берді. Соны толық орындап шықтым.

Енді мұнымен тоқтамаймыз. Алда финал, барымызды саламыз.

Маған қолдау көрсеткен барша қазақ еліне, қазақ жанкүйеріне алғысым шексіз.

Екінші раундта нокдаун болуы мүмкін дегендер бар. Нақты білмедім мұны. Әйтеуір, аянып қалғаным жоқ", - деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетелік, Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта өткен жартылай финал жекпе-жегінде доминикандық Кристиан Пиналесті 3:2 есебімен ұтты.

Фото: Владислав Семенов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;