русский язык
ММА

UFC on ABC 7 турнирінің қорытындысы бойынша бонус алатын спортшылар белгілі болды

UFC on ABC 7 турнирінің қорытындысы бойынша бонус алатын спортшылар белгілі болды

3 тамызда Әбу-Дабиде (БАӘ) UFC on ABC 7 турнирі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта ресейлік Умар Нурмагомедов америкалық Кори Сандхагенді төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.

Турнирдің тағы бір басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген ресейлік файтер орта салмақтағы (84 келіге дейін) кездесуде Шарабутдин Магомедов польшалық Михал Олексейчуктан басым түсті.

Турнир қорытындысы бойынша 50 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлықтың жеңімпаздары анықталды. Кештің ең үздік кездесуі Шарабутдин Магомедов пен Михал Олексейчук арасындағы жекпе-жек болды. Джоэль Альварес пен Азамат Мырзаханов арасындағы жекпе-жек кеште үздік өнер көрсеткен файтерлер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;