русский язык
Басқа

Жазғы Олимпия ойындары-2024: Сегізінші жарыс күнінің нәтижесі

Жазғы Олимпия ойындары-2024: Сегізінші жарыс күнінің нәтижесі

Туризм және спорт министрлігі Париж Олимпиадасының кезекті күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спорттық гимнастика: Нариман Құрбанов спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Отандасымыз финалда 15.443 ұпай алды. Осылайша, Нариман елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Милад Карими спорттық гимнастиканың еркін жаттығу финалында 14.500 ұпай жинап, 5-орынға ие болды.

Бокс: Назым Қызайбай (50 кг) ширек финалда Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) жеңді. Енді Назым финал жолдамасын Қытай боксшысымен сарапқа салады.

Стенд ату: Стенд атудың скит бағдарламасында әйелдер арасындағы іріктеудің алғашқы жарыс күнінде отандасымыз Әсем Орынбай 67 ұпай жинап, 23-сатыға жайғасты.

Скит бағдарламасының ерлер арасындағы іріктеуде ұлттық құрама спортшысы Эдуард Ещенко 115 ұпай жинап, финалға шыға алмады.

Дзюдо: Дзюдодан аралас командалық сайыста еліміздің командасы Бразилияға жол берді. Есеп: 2-4.

Велоспорт: Ерлер арасындағы топтық жарыста ұлттық құрама спортшысы Алексей Луценко мәреге 52-ші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 6 сағат, 26 минут 57 секунд. Жеңімпаздан 7 минут 23 секунд қалып кетті. Өкінішке қарай, Евгений Фёдоров жарысты орта жолда аяқтап, мәреге жете алған жоқ.

Олимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;