русский язык
Басқа

Геннадий Головкин Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбановты құттықтады

Геннадий Головкин Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбановты құттықтады

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан күміс медаль алған Нариман Курбановқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

"Нариман Курбановты Олимпиада ойындарындағы күміс жүлдесімен құттықтаймын!

Тәуелсіздік тарихында тұңғыш рет біздің еліміз спорттық гимнастикадан Олимпиада тұғырына көтерілді. Жеңіске деген жігеріңіз және қайсар мінезіңіздің арқасында Сіз барша қазақстандық жанкүйердің жүрегіне жол тарттыңыз.

Жеке бапкеріңіз Хусанжан Курбановқа да өз құттықтауымды жолдаймын. Бұл жүлденің артында Сіздің де, бапкеріңіздің де еңбегі жатыр. Олимпиада ойындарында Сіз жеңіп алған алғашқы күміс медаль болашақта жарқын жеңістерге жетелейтініне сенемін!

Барша Қазақстан халқын тарихи медальмен құттықтаймын!", - делінген хатта.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;