русский язык
Басқа

Құрбановтың күмісінен кейін Қазақстан медальдар кестесінде бірер саты көтерілді

Құрбановтың күмісінен кейін Қазақстан медальдар кестесінде бірер саты көтерілді

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда Нариман Құрбанов күміс жүлде жеңіп алғаннан кейін Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде бірер саты жоғары көтерілді.

Атап айтсақ, Құрбановтің жүлдесіне дейін Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 29-орында тұрған еді. Құрбановтің күміс жүлдесінен кейін бірден 26-орынға көтерілді.

Осылайша, дәл қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Ал, жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көшбасшылықты берер емес. Олар алтын медальдар санын 16-ге жеткізді. Одан бөлек, 11 күміс, 9 қола жүлдесі бар. Ал екінші орында дәл қазіргі көрсеткіш бойынша Австралия құрамасы келе жатыр. Олардың еншісінде 12 алтын, 7 күміс, 5 қола бар. Үздік үштікті 11 алтын, 20 күміс, 20 қола жүлдемен АҚШ құрамасы түйіндеп тұр.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;