русский язык

«Қайрат» көш басына шықты

«Қайрат» көш басына шықты

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 16-турында алматылық «Қайрат» пен Семейдің «Елімайын» ойсырата жеңді.

Турнир кестесінде екі команда қатарлас келеді. Алматылық клуб қатарынан екі мәрте жеңіске жетіп, жағдайын жақсартып алған еді. Дәл осындай нәтижеге «Елімай» да қол жеткізіп, үздік үштіктегі командаларға жақындай түскен болатын.

Кездесу барысында алматылық клубтың белсенділігі байқалды. Бірінші кеезңде олардың қатарынан Александр Мартынович 3, Лука Гадрани 14-минутта мергендік танытты.

Екінші кезеңде де «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде Андрей Ульшин 51, Егор Сорокин 65-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 80-минутында «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтиден Жан Али Пайруз гол соқты.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде көш басына шықты.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;