Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
![Назым Қызайбай жартылай финалға шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/201131_c7909cb86c05edc1e8365a1438716b50.png?v=28712182)
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Әйелдер арасында 50 келі салмақта сынға түсіп жатқан Қызайбай ширек финалда колумбиялық Валенсия Лорена Ингритпен жұдырықтасқан болатын.
Тартысты жекпе-жектің алғашқы екі раундында төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Назымға берді.
Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Олимпиаданың жартылай финалына өтті.
Финал жолдамасы үшін таласта Қызайбай қытайлық Ву Юмен жұдырықтасады.
Фото: Тұрар Қазанғапов