русский язык
ММА

OCTAGON 61 турнирі: Қайсар Жауғашар қырғызстандық файтерді жеңді

OCTAGON 61 турнирі: Қайсар Жауғашар қырғызстандық файтерді жеңді

Еуразиялық жекпе-жек лигасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан OCTAGON 61 турнирі аясында кештің үшінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақта қазақстандық Қайсар Жауғашар (1-0) сегізбұрышта жеңіліп көрмеген 21 жастағы қырғызстандық Даниэль Кубанычбек уулумен (2-0) кездесті.

Жауғашар кездесудің алғашқы секундтарынан-ақ қапастағы басымдылыққа ие болып, қарсыласын соққы жаудырды. Бұл раундтың соңғы секундтарына дейін жалғасып, нәтижесінде қазақстандық файтер қарсыласын қылқыдыру әдісімен жеңді.

Кештің басты жекпе-жегінде басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.

Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;