русский язык
Хоккей

«Барыс» сапына канадалық шабуылшы Майкл Маклауд қосылды

«Барыс» сапына канадалық шабуылшы Майкл Маклауд қосылды

«Барыс» хоккей командасы канадалық шабуылшы Майкл Маклаудпен 2025 жылдың 31 мамырына дейін келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

26 жастағы хоккейші Ұлттық хоккей лигасында «Нью-Джерси» командасы сапында 300-ге жуық ойын өткізген.

Былтыр «Девилз» сапында ҰХЛ-да 45 ойында 10 шайба соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ бұдан бұрын елордалық клуб сапына Уэйд Эллисон келді. Уэйд Эллисон хоккейшілік мансабының барлық бөлігін Солтүстік Америка лигаларында өткізген.

Олардың қатарында «Филадельфия», «Лихай Вэлли Фантомс», «Лихай Вэлли Фантомс» клубтары бар.

Биыл астаналық клуб Қазақстан Президенті кубогына қатысады.

Халықаралық турнир 14-18 тамыз аралығында елордада өтеді.

Турнирге қатысушылар қатарына «Барыстан» басқа ресейлік «Амур» (Хабаровск), «Лада» (Тольятти) командалары бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;