Қырғыз файтері OCTAGON 61 турнирінде қазақстандық спортшыдан басым түсті
![Қырғыз файтері OCTAGON 61 турнирінде қазақстандық спортшыдан басым түсті](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/472_a6246f52312e52aebb17526edc934211.jpg?v=28712058)
Бішкекте басталған OCTAGON 61 турнирінің екінші жекпе-жегі аяқталды, деп жазады Prosports.kz
Аса жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық Бейбарыс Занов (1-1) қырғызстандық Шерғазы Болотбек ұлымен (1-0) кездесті.
Тартысты өткен жекпе-жекте қырғызстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Кештің басты жекпе-жегінде басты жекпе-жегінде 2017 жылдан бері жеңіліп көрмеген Қырғызстан өкілі Мақсат Жолдош уулу (9-2) мен қазақстандық Рүстем Мұхатов (11-3) кездеседі.
Сондай-ақ OCTAGON 61 кешінде қырғыз ММА жұлдызы Марсель Нұрланбек уулу (13-0) өнер көрсетеді, оның қарсыласы өзбекстандық Фархат Ергишбаев (3-1) болады.
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink