русский язык
Единоборства

Қазақстандық дзюдошы командалық жарыстан кейін пікір білдірді

Қазақстандық дзюдошы командалық жарыстан кейін пікір білдірді

Дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Абиба Әбужақынова командалық жарыстан кейін өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз командалық жарысқа алғаш рет лицензия алып тұрмыз. Оның өзінде, толық құраммен алмадық. Сондықтан, көпшілігіміз жоғары салмақта белдестік.

Соған қарамастан, жақсы нәтиже тіркеп, ерлік көрсеттік деп ойлаймын. Жүлдеге жақындай алмағанымыз өкінішті, десе де, біз алдағы ойындарға толық құраммен келеміз деген сенімдемін.

Жанкүйерлерді қуанта алмағанымыз үшін кешірім сұраймын», - деді Абиба.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;