Михаил Кукушкин - Портудағы турнирдің жартылай финалында
![Михаил Кукушкин - Портудағы турнирдің жартылай финалында](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/472_d25ac69e48e7fc26f2ad2df229dcd0c5.webp?v=28712175)
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (әлемнің 134-ракеткасы) Португалияның Порту қаласында өтіп жатқан турнирде үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Кукушкин испаниялық теннисші Алекс Мартинеспен (АТР нөмірі 678) кездесіп, екі сетте 6:4, 6:1 жалпы есебімен жеңіске жетті.
Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Ойын ширек финалдық кезеңде өтті.