русский язык

Кейінге шегерілген ҚПЛ матчының өтетін күні белгілі болды

Кейінге шегерілген ҚПЛ матчының өтетін күні белгілі болды

Премьер-лиганың 16-туры аясындағы «Тобыл» - «Шахтер» матчының өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

Бастапқы күнтізбе бойынша Премьер-лиганың 16-турындағы «Тобыл» - «Шахтер» кездесуі 4 тамызда өтуі керек еді. Алайда «Тобылдың» Конференция лигасына қатысуына байланысты кездесу кейінге шегерілді. Енді бұл ойын 28 қыркүйекте өтеді.

Кездесу сағат 20:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;