Назым Қызайбай Колумбия боксшысымен кездеседі.Трансляция
![Назым Қызайбай Колумбия боксшысымен кездеседі.Трансляция](https://prosports.kz/upload/news/content//202408/201736_4ff44f0415fe7d9e0e19d73bc15696e3.webp?v=28711584)
Сенбі, 3 тамыз күні қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ширек финалдық кездесуіне шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.
50 келіге дейінгі салмақта 1/4 финалда қазақстандық Колумбия боксшысы Ингрит Валенсиямен шаршы алаңда кездеседі.
Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:50-де басталады. Оны Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, Олимпиада додасы басталғанда қазақстандық спортшы италиялық Джордана Соррентиноны 4:1 есебімен жеңіп, одан кейін бразилиялық спортшы Каролин Барбоза де Алмейданы (5:0) жеңген болатын.