русский язык

Қазақстан құрамасының ойыншысына Германияда ота жасалды

Қазақстан құрамасының ойыншысына Германияда ота жасалды

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» ойыншысы Әділет Садыбеков Германияда ота жасатты. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Әділет Садыбеков Лига Кубогы аясындағы «Таразға» қарсы матчта ауыр жарақат алған болатын. Клубтың хабарлауынша, футболшыға ота Дюрен қаласындағы Әулие Августин клиникасында белгілі дәрігер Манфред Хаусман жасаған.

«Қайрат» капитанының тізе буынының айқыш байламын жарақаттау диагнозы қойылған еді. Ота жасалғанымен футболшы биыл маусым соңына дейін алаңға орала алмау қауіпі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;