русский язык

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басшысы ұсталды

«Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы директорыАзамат Шайхыұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Екінші Тайм» сайтына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Ақжайық» ФК ЖШС-нің бұрынғы директорының сотқа дейінгі тергеу аясында ұсталғанын растайды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Шайхы футбол клубының директоры қызметінен 2022 жылдың маусым айының соңында өз еркімен кету туралы өтініш жазған болатын. Ал 2023 жылдың қыркүйегінде «Ақтөбе» футбол клубын басқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;