русский язык
Басқа

Михаил Кукушкин Португалиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Михаил Кукушкин Португалиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин Порту (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 224-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоренмен кездесті.

Бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәтті ойнады - 7:6 (7:4). Екінші сет оңайлау болды - 6:3.

Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Бельгиялық теннисші 5 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.

Михаил Кукушкиннің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;