русский язык
Единоборства

Нұрлыхан Шархан: Бүгінгі жеңілісіме бойымның қысқалығы әсер еткен жоқ

Нұрлыхан Шархан: Бүгінгі жеңілісіме бойымның қысқалығы әсер еткен жоқ

Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың екінші айналымында жеңілу себебін айтты, деп жазады Olympic.kz.

«Бірінші белдесуімде белгиялық балуанды жеңгеніммен, екінші белдесуде өзбекке ұтылып қалдым. Негізі, шамам келгенше ашық, таза күрестім. Бапкерлерімнің тапсырмасын да мүлтіксіз орындадым. Мен ешқандай шаршаған да жоқпын. Қарсыласымның бойы үзін болғанымен күші менен асып тұр деп айта алмаймын. Оның бойының ұзындығы маған еш қолайсыздық тудырған жоқ. Маған тек сәттілік жетіспей қалды деп ойлаймын. Т

өрешілерге ешқандай өкпем жоқ. Қателіктердің барлығы өзімнен болды деп есептеймін. Қарсыласымның бойының ұзындығы да маған ешқандай қолайсыздық тудырған жоқ. Олимпиада деген өзі осындай жарыс қой, барлығына сабырмен, төзіммен қарау керек. Өзім бойымдағы бар күшімді салдым деп ойлаймын. Келесі Олимпиада ойындары бұйырып жатса жеңіске жетуге тірісам. Мені қолдаған жанкүйерлеріме, отандастарыма, отбасыма алғысымды айтамын», - деді дзюдошы.

Фото: Сали Сабиров

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;