русский язык

Абзал Бейсебеков «Милсамиге» қарсы матч туралы пікірін айтты

Абзал Бейсебеков «Милсамиге» қарсы матч туралы пікірін айтты

«Астананың» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Абзал Бейсебеков алдағы «Астана» - «Милсами» (Молдавия) Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта матч жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Өте маңызды ойын болады. Әрине, оң нәтижеге жету үшін барымызды көрсетуге тырысамыз. Еуропада кез келген команда ұйымдасқан түрде ойнауды біледі, бірақ біз өзімізге сенімдіміз және тек жеңіске ұмтыламыз.

– Жақында «Астана» сапында 400-ойыныңыз өтті.

– Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені «Астананы» туған клубым деп айтуға болады. Алла қаласа 500-матчқа жетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;