русский язык
Бокс

Бақыт Сәрсекбаев отандық боксшыларды аяусыз сынап тастады

Бақыт Сәрсекбаев отандық боксшыларды аяусыз сынап тастады

2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, боксшы Бақыт Сәрсекбаев қазақстандық былғары қолғап шеберлерін сынға алды. Ол Париж Олимпиадасына аттанған құрамның дайындығына күмән келтіріп отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға қатысты ойын Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жігіттердің физикасы өте нашар! Екінші раундта демалыстары қиындап, шаршы алаңда әрең жүр. Соққылары аз. Соққы комбинациясы тіпті аз. 3 минутта қанша соққы жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған маман қайда қарап жүр?

Ғылыми топ қайда? Неге біздің боксшылардың демі жетіспей жүр? Неге үш раунд аяқта тұра алмайды? Бәрің шұбырып, не істеп жүрсіңдер? Бір сұрақ: әрбір боксшы лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше кездесу өткізді? Тәжірибе бар ма? Мысалы, мен жарты жылдың ішінде 22 кездесу өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті!", - деді Бақыт Сәрсекбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;