Қазақстандық файтердің UFC-дегі сәтсіздігінен кейін менеджері ауысты
![Қазақстандық файтердің UFC-дегі сәтсіздігінен кейін менеджері ауысты](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/472_cd92190268e7b54c8ecf1f12a83aac64.webp?v=28707859)
Prosports.kz сайтына белгілі болғандай UFС-де өнер көрсеткен қазақстандық файтер Мария Агапованың менеджері өзгерді.
Бұл туралы файтердің бұрынғы менеджері, RusFighters кәсіпқой спорт клубының өкілі Александр Ромашов айтты: «Оның қазір басқа менеджері бар. Мен, Алексей Жернаков және Алекс Дэвис енді оның ісімен айналыспаймыз. Мен оның қазіргі менеджерін танымаймын», - деді маман.
RusFighters клиенті болған кезінде Агапова (10-5) UFC-мен келісімшарт жасасқан, онда ол 7 жекпе-жек өткізіп, 2 жеңіске жетіп, 5 рет жеңіліп қалды. Мария 14 шілдеде бірінші раундта бразилиялық Луана Сантостан (8:1) мерзімінен бұрын жеңілген соң, отандасымыздың жеңіліс сериясы қатарынан 4 жекпе-жекке жетті. Бүгін келісімшарт мерзімі аяқталған соң қазақстандық файтердің UFC-ден шығарылған белгілі болды.