русский язык
Бокс

«Бар күшімді салдым»: Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы жеңілісі туралы айтты

«Бар күшімді салдым»: Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасындағы жеңілісі туралы айтты

Қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Махмұд Сабырхан 1/8 финалда испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Бірінші раундта испаниялыққа 5:0 есебімен жеңісті беріп жіберді. Сол бірінші раунд бәрін құртты. Бірінші раундта жеңгендей болып едім. Екінші кезеңде де жеңдім ба деп едім, оны да қарсыласқа берді. Үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым, бар күшімді салдым», -деді Махмұд.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;