русский язык
Теннис

Кортқа жақын арада ораламын – Елена Рыбакина

Кортқа жақын арада ораламын – Елена Рыбакина

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлеріне бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Париждегі Олимпиада ойындарында ұлттық құрама сапында өнер көрсете алмағанына өкінетінін жеткізді.

«Мен командамен бірге дайындалдым, өкінішке қарай, жарыс басталар алдында ауырып қалдым. Мен температурамен жатып қалдым, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға тыйым салды. Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміт пен сенім үшін кешірім сұрағым келеді. Мен қатты қапаландым, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтиже көрсету үшін көп жұмыс жасағанмын және медаль жеңгім келді. Соңғы рет Токиодағы Олимпиада ойындарында медаль алуға жақын болдым және бұл менің үлкен мақсатым болды. Мен жақын арада кортқа шыға аламын деп үміттенемін. Барлық отандастарыма алғыс айтқым келеді, өйткені әлемнің әр түкпірінде ойнаған сайын мен әрқашан үлкен қолдауды сезінемін және стадиондарда көк жалауымызды көріп, әрқашан қуанышты боламын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін», деді Е.Рыбакина.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Олимпиадада қазақстандық теннисшілердің жарысты аяқтағанын жазған едік.

Скатов пен Кукушкин Португалиядағы турнирді сәтті бастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;