русский язык
Бокс

Джервонта Дэвис пен Шакур Стивенсон өзара жекпе-жекке келісті

Джервонта Дэвис пен Шакур Стивенсон өзара жекпе-жекке келісті

Жеңіл салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Джервонта Дэвис WBC титулының иесі Шакур Стивенсонмен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

iFL TV хабарлауынша, америкалық боксшылар жекпе-жек өткізуге келіскен. Қос мықтының шайқасы күздің аяғында Лас-Вегаста (Невада) өтеді.

«Джервонта Дэвис пен Шакур Стивенсон 23 қарашада Лас-Вегаста жеңіл салмақта белбеу біріктіру жекпе-жегінде жұдырықтасады», - деп хабарлады iFL TV.

Естеріңізге сала кетейік, Дэвис бастапқыда IBF чемпионы Василий Ломаченкомен жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізгенімен, украиналық ұсыныстан бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;