русский язык
Бокс

Түркістандықтар амфитеатрға жиналып, Сәкен Бибосыновқа қолдау көрсетті

Түркістандықтар амфитеатрға жиналып, Сәкен Бибосыновқа қолдау көрсетті

Түркістандық жанкүйерлер Парижде өткен боксты қала орталығындағы амфитеатрдан тамашалады.

Түркістан қаласының спортсүйер қауымы облыстық Жастар орталығы орналасқан амфитеатрға жиналды. Үлкен плазмалы экран арқылы бокс бәсекесін тамашалаған жанкүйерлер жерлестері Сәкен Бибосыновқа қолдау көрсетті.

жанкүйерФото: Облыстық жастар орталығы

«Қазақстан, Қазақстан» деп ұрандатқан көпшілік Сәкеннің әрбір соққы жасаған сәтінде қол соғып, қошемет көрсетті. «Сәкен біз саған сенеміз», «Сәкен біз сенімен біргеміз» деген ұран сөзді жазбалар мен Мемлекеттік Туды көтеріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

болельщикФото: Облыстық жастар орталығы

«Түркістандықтардың Сәкен бауырымызды қолдауы өте керемет. Қолдан келгенше барша спортшыларымызға қолдау көрсетеміз. Біз біргеміз», - деді қоғам белсендісі Олжас Мамыр.

жанкүйерФото: Облыстық жастар орталығы

Бокс бәсекесін көруге жергілікті әкімдік қызметкерлерімен қатар ардагер спортшылар мен жастар көп жиналды.

Шаршы алаңда Сәкен Бибосынов жеңіске жеткен сәтте баршасы қол алысып, бірін бірі құттықтады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;