русский язык
Бокс

Олимпиада: Қазақстандық екі боксшының жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Олимпиада: Қазақстандық екі боксшының жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Сәрсенбі, 31 шілде күні Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан құрамасының намысын екі спортшы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана уақытымен 14:16-да Махмұд Сабырхан рингке шығады. 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда испандық Хосе Куилес Бротонспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazaqstan телеарнасы жүргізеді.

Сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні Валентина Хальзова жұдырықтасады: 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда ол панамалық спортшы Атейна Билонмен кездеседі. Тікелей эфир сағат 00:36-да басталып, жекпе-жекті «Ел арна» телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;