русский язык
Бокс

Бибосынов Парижде Азия чемпионатында есесі кеткен өзбекпен кездеседі

Бибосынов Парижде Азия чемпионатында есесі кеткен өзбекпен кездеседі

Париж Олимпиадасында 51 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген Сәкен Бибосыновтың ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда өзбекстандық Хасанбой Дусматов пуэрто-рикалық Хесус Лопезбен кездесіп, 5:0 есебімен ұтып, Сәкеннің келесі қарсыласы атанды.

Бибосынов та өз кезегінде ширек финалға сенімді жолдама алды.

Айта кетейік, Думатов 2023 жылы күзде Ханчжоу қаласында (Қытай) өткен Азия ойындарында 1/8 финалда Бибосыновты жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;