русский язык
Бокс

Париж-2024: Нұрбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Париж-2024: Нұрбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды

Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Нұрбек Оралбайдың ширек финалдағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оралбай ширек финалда мысырлық Абдельрахман Салахты жеңген әзірбайжандық Мурад Аллахвердиевпен жұдырықтасады. Ширек финалдық кездесу 2 тамызда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрбек Оралбай Олимпиаданы австралиялық Каллум Петерсті 3:2 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;