русский язык
Әлем футболы

«Арсенал» «Бавария» жартылай қорғаушысын сатып алуды көздеп отыр

«Арсенал» «Бавария» жартылай қорғаушысын сатып алуды көздеп отыр

«Арсенал» «Бавария» жартылай қорғаушысы Лерой Санеге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Sky Sports Germany мәліметінше, клуб 28 жастағы футболшыны осы трансфер кезеңінде сатып алу мүмкіндігін қарастырып жүр. Алайда Сане бұл трансферге келісуі екіталай, себебі ол «Бавариямен» келісімшартты ұзартуды көздеп отыр.

2023/24 маусымында Сане «Бавария» сапында 42 матч өткізіп, 10 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Оның клубпен қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Transfermarkt порталы ойыншыны 70 миллион еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;