русский язык
ММА

Жеңіліп көрмеген Қазақстан мен Қырғызстанның файтерлері OCTAGON 61 турнирінде өнер көрсетеді

Жеңіліп көрмеген Қазақстан мен Қырғызстанның файтерлері OCTAGON 61 турнирінде өнер көрсетеді

Бішкектегі OCTAGON 61 турниріндегі бастапқы кард қатысушыларының екі жұбы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

Аса жеңіл салмақта кәсіпқой арасында жеңіліп көрмеген Арсен Манапов (3-0) қырғызстандық Бексултан Талай уулумен (4-4-1) кездеседі.

Кештің тағы бір аса жеңіл салмақтағы кездесуінде қазақстандық Қайсар Жауғашар (1-0) жеңіліп көрмеген файтер Даниэль Кубанычбек уулумен (2-0) күш сынасады.

3 тамыздағы турнирде Қырғызстанның UFC-ге шығады деген үміттерінің бірі Марсель Нурланбек уулу (13-0) кездесу өткізеді, ол өзбек файтері Фархат Ергишбаевпен (3-1) күш сынасады.

OCTAGON 61 турнирінің билеттерін kassir.kg сайтынан сатып алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 61 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;