русский язык
Теннис

Париж Олимпиадасы: Кирилл Герасименконың үшінші айналымдағы қарсыласы белгілі болды

Париж Олимпиадасы: Кирилл Герасименконың үшінші айналымдағы қарсыласы белгілі болды

Париждегі Олимпиадада үстел теннисінен Қазақстанның жалғыз өкілі Кирилл Герасименконың 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Герасименконың қарсыласы Мысыр елінің өкілі 33 жастағы Омар Ассар болды. Өткен Олимпиадада Токиода Ассар ширек финалға дейін жетіп, болашақ жеңімпаз қытайлық Ма Лонға жол берген.

29 шілде күні Кирилл Герасименко 1/16 финалда турнирдің жетінші нөмірі неміс спортшысы Дан Чуды сенсациялық түрде жеңіп шыққан болатын (4:3).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;