русский язык
Теннис

Джокович 2024 жылғы Олимпиадада ерекше жетістікке қол жеткізді

Джокович 2024 жылғы Олимпиадада ерекше жетістікке қол жеткізді

29 шілде күні серб теннисшісі Новак Джокович ерлер арасындағы жекелей сында Олимпиада турнирінің екінші айналымында испаниялық Рафаэль Надальді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

1 сағат 44 минутқа созылған кездесу де 6:1, 6:4 есебімен Джокович жеңіске жетті.

Осылайша, Джокович 1988 жылы Сеулде өткен жазғы ойындар бағдарламасына қайта оралғаннан бері Олимпиадада ерлер арасындағы жекелей сында 15 кездесуде жеңіске жеткен алғашқы адам болды.

Париж Олимпиадасының үшінші айналымында Джоковичтің қарсыласы неміс Доминик Кепфер болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;