русский язык
ММА

Жеңіліп көрмеген файтер UFC тізімінен шығарылды

Жеңіліп көрмеген файтер UFC тізімінен шығарылды

Дағыстанда туылған 23 жастағы британиялық файтер Мухаммед Мокаев промоушенмен келісімшарты бар барлық спортшылар кіретін UFC тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін UFC президенті Дана Уайт аралас жекпе-жек бойынша UFC 304 турнирінен кейінгі баспасөз мәслихатында лига Мокаевтың басқа жекпе-жек ұйымына - PFL-ге ауысуы мүмкін екеніне байланысты онымен келісімшартты ұзартпайтынын айтқан болатын.

Шілденің 27-нен 28-іне қараған түні Манчестерде (Ұлыбритания) өткен UFC 304 турнирінде Мухаммед Мокаев осы ұйымның атынан жетінші рет октагонға шықты. Оның қарсыласы жеңіл салмақтағы файтер Манел Капе болды. Мухаммед үш раундтан кейін төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Мокаев үшін бұл жеңіс қатарынан жетінші жеңіс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;