русский язык
Басқа

«Дзюдодан медаль күтеміз бе?». 30 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады

«Дзюдодан медаль күтеміз бе?». 30 шілдеде кімдер жарыс жолына шығады

Олимпиаданың төртінші ойын күні қазақстандықтар спорттың 5 түрінен ғана өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дзюдодан жарыс жолына Абылайхан Жұбаназар мен Эсмигуль Куюлова шығады.

Токиода қола жүлдегер атанған Сәкен Бибосынов бокстан 1/8 финал жекпе-жегін өткізеді.

30 шілдедегі Олимпиада: Қазақстан спортшыларының кестесі

12:00. Стенд ату. Әйелдер. Іріктеу

Мария Дмитриенко

13:00. Дзюдо. Ерлер. 81 келі

Әйелдер. 63 келі Бастапқы кезең, финалдар

Абылайхан Жұбаназар - Аттила Унгвари (Венгрия)

Есмигүл Куюлова - Лубяна Пиовесана (Австрия)

Финалдық кездесулер Қазақстан уақыты бойынша сағат 19:00-де өтеді.

14:15. 100 метрге еркін жүзу

Әділбек Мусин

19:18. Бокс. 80 келі. Ерлер. 1/8 финал

Нұрбек Оралбай - Каллум Петерс (Австралия)

22:03. Садақ ату. Ерлер. 1/32 финал

Ильфат Абдуллин - Эрик Питерс (Канада)

23:00. Бокс. 51 келі. Ерлер. 1/8 финал

Сәкен Бибосынов - Самет Гүмүш (Түркия)

Қайдан көруге болады:

Qazsport

Қазақстан

Хабар

Ел Арна

Жібек Жолы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;