Париж-2024: Надаль екінші айналымында тас-талқан болып ұтылды
![Париж-2024: Надаль екінші айналымында тас-талқан болып ұтылды](https://prosports.kz/upload/news/content//202407/203991_ad1e09cb9cd7c482b4d8ba099ddfba46.webp?v=28704864)
Сербиялық теннисші Новак Джокович (АТР рейтингінде 2-орын) Парижде (Франция) өтіп жатқан Олимпиада турнирінің екінші айналымында испаниялық Рафаэль Надальмен (161-орын) кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Джокович Надальді екі сетте – 6:1, 6:4 есебімен сенімді жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне өтті.
1/8 финалда Новак Доминик Кепфер (Германия, 50-орын) - Маттео Арналди (Италия, 45-орын) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.